Сайлау • 20 Қараша, 2022

Дауыс берушілердің саны 4,5 миллионнан асты - ОСК мүшесі

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:00-дегі президент сайлауының өту қарқыны жайлы деректерді бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дауыс берушілердің саны 4,5 миллионнан асты - ОСК мүшесі

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, таңертеңнен бері 4 606 596 азамат дауыс берген.

«Бұл тізімге енген барлық сайлаушылардың 38,55%-ын құрайды», деді Асылбек Айжарықұлы.

Сондай-ақ ол өңірлердегі сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келу қарқыны жайлы статистикамен бөлісті:

Абай облысы 43,67 %

Ақмола облысы 40,13 %

Ақтөбе облысы 44,48 %

Алматы облысы 25,83 %

Атырау облысы 40,42 %

БҚО облысы 27,55 %

Жамбыл облысы 41,29 %

Жетісу облысы 42,18 %

Қарағанды облысы 44,99 %

Қостанай облысы 42,87 %

Қызылорда облысы 43,46  %

Маңғыстау облысы 41,19 %

Павлодар облысы 44,23 %

СҚО 43,64 %

Түркістан облысы 64, 21 %

Ұлытау облысы 52,22 %

ШҚО 41,86 %

Астана қаласы 19,33 %

Алматы қаласы 16,89 %

Шымкент қаласы 34,41 %