Әлем • 20 Қараша, 2022

Өзбекстандағы қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің жанындағы No267 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Өзбекстандағы қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

Сайлау учаскесінің тізімінде Өзбекстан аумағында тұрақты және уақытша тұратын 600-ден астам қазақстандық бар. Ел болашағын анықтауға атсалысу мақсатында Өзбекстанның түкпір-түкпірінен Ташкентке Қазақстан Республикасының азаматтары келеді.

Өзбекстанда жеке, ресми және туристік мақсатта жүрген қазақстандықтар да дауыс беруге келеді.

«Біз оқу-жаттығу жиынында жүрген Ташкент облысының Алмалық қаласынан арнайы келдік. Біз әрбір азамат өз еліне адал қызмет етіп, болашағымыз үшін дауыс беруі керек деп есептейміз», деді байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының капитаны Тимофей Емельянов журналистерге берген сұхбатында.

Елшілік қызметкерлері сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын, сайлау учаскесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салды. Қонақтарды жылы қарсы алып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.

Таңертеңгі сағат 7:00-де басталған дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.