Әлем • 20 Қараша, 2022

Қазақстандық сайлаушылар Лондонда дауыс бере бастады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Лондонда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінде №244 сайлау учаскесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық сайлаушылар Лондонда дауыс бере бастады

Бұл сайлау учаскесінде Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияда, сондай-ақ Ирландия мен Исландияданың тұрақты немесе уақытша тұрғылықты орны бар, кәмелетке толған Қазақстанның азаматтары дауыс бере алады.

Вестминстер университетінің екінші курс студенті Әлия Әбдісалық Лондондағы сайлау учаскесіне бірінші болып келген сайлаушылардың бірі болды.

«Менің сайлау учаскесіне ерте келуіме патриотизм себеп болды. Біз таңдаған ел Президенті еліміздегі жағдайды жақсы жаққа өзгертеді деп ойлаймын», деді Әлия Әбдісалық.

з

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 02:00) өтеді. Дауыс беру бюллетеньдері саналып болғаннан кейін дауыс беру нәтижелері бар қажетті құжаттар Орталық сайлау комиссиясының поштасына жіберіледі.