ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлағандай, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 11 млн 950 мың 485 азамат дауыс беру бюлетеніне ие, оның ішінде 6 113 621 адам өз таңдауын жасаған. Айта кетсек, бұл тізімдегі барлық адамның 51,16 пайызын құрайды.
Төменде өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткішін ұсынамыз:
- Абай облысы бойынша – 69,32%
- Ақмола облысы бойынша – 51,04%
- Ақтөбе облысы бойынша – 53,21%
- Алматы облысы бойынша – 40,85%
- Атырау облысы бойынша – 52,56%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85%
- Жамбыл облысы бойынша – 52,74%
- Жетісу облысы бойынша – 52,17%
- Қарағанды облысы бойынша – 53,75%
- Қостанай облысы бойынша – 53,15%
- Қызылорда облысы бойынша – 59,18%
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,40%
- Павлодар облысы бойынша – 52,55%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10%
- Түркістан облысы бойынша – 76,61%
- Ұлытау облысы бойынша - 68,32%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99%
- Астана қаласы бойынша – 39,79%
- Алматы қаласы бойынша – 24,17%
- Шымкент қаласы бойынша – 51,69%
Келесі жедел ақпарат 16:05-те жарияланады.