Сайлау • 20 Қараша, 2022

Сайлауда дауыс бергендер саны 7 миллионнан асты

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 16:05-тегі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу деректерінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлауда дауыс бергендер саны 7 миллионнан асты

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова келтірген деректерге қарағанда, сағат 16:05-тегі жағдай бойынша  7 млн 450 мың 395 азамат дауыс беріп үлгерген. Бұл тізімдегі барлық адамның 62, 34 пайызын құрайды.

о

Өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткіші төмендегідей:

  1. Абай облысы бойынша –  73,57%
  2. Ақмола облысы бойынша – 71,38%
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 68,81%
  4. Алматы облысы бойынша – 55,11%
  5. Атырау облысы бойынша –  60,87%
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 68,74%
  8. Жетісу облысы бойынша – 68,88 %
  9. Қарағанды облысы бойынша – 71,89 %
  10. Қостанай облысы бойынша –  71,38%
  11. Қызылорда облысы бойынша – 72,88%
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 59,61%
  13. Павлодар облысы бойынша –  72,73%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21%
  15. Түркістан облысы бойынша – 80.09%
  16. Ұлытау облысы бойынша – 72,75%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42%
  18. Астана қаласы бойынша – 44,39%
  19. Алматы қаласы бойынша – 26,19%
  20. Шымкент қаласы бойынша –  56,28% 

Жоғарыда көрсетілген деректерге қарағанда, Түркістан, Абай және Қызылорда облыстарының сайлаушылары жоғары белсенділік танытып отыр.

Еске сала кетсек, елімізде сайлау учаскелері 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сайлаушылардың белсенділігі жөніндегі соңғы ақпарат Астана уақыты бойынша 20:05-те жарияланады.