Сайлау • 20 Қараша, 2022

Түркістандықтар сайлауда жоғары белсенділік танытты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 18:05-тегі жағдай бойынша қазақстандықтардың сайлау белсенділігі жөніндегі ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандықтар сайлауда жоғары белсенділік танытты

ОСК мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, сағат 18:05-тегі жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 8 млн 108 мың 668 адам дауыс беріп үлгерген. Айта кетсек, бұл тізімдегі барлық азаматтардың 67,85 пайызын құрайды.

Өңірлер бөлінісінде дауыс берушілер көрсеткіші:

  1. Абай облысы бойынша – 78,88 %
  2. Ақмола облысы бойынша – 75,82%
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 71,23%
  4. Алматы облысы бойынша – 70,92%
  5. Атырау облысы бойынша –  67,88%
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 77,27%
  8. Жетісу облысы бойынша – 77,08%
  9. Қарағанды облысы бойынша – 77,80%
  10. Қостанай облысы бойынша –  77,56%
  11. Қызылорда облысы бойынша – 77,20%
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 64,57%
  13. Павлодар облысы бойынша –  77,12%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46%
  15. Түркістан облысы бойынша – 80,25%
  16. Ұлытау облысы бойынша – 74,45%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81%
  18. Астана қаласы бойынша – 48,01%
  19. Алматы қаласы бойынша – 27,93%
  20. Шымкент қаласы бойынша – 59,56% 

Жоғарыда көрсетілген деректерге қарағанда, Түркістан облысының тұрғындары жоғары белсенділік танытып отыр. Ал Алматы қаласының тұрғындары ең аз дауыс берді.

п

Сондай-ақ Нью-Йорк пен Вашингтонда сайлау учаскелері жұмысын бастап кетті.

Қазақстанда сайлау учаскелері 07:00-ден ашылып, 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кейбір учаскелер 06:00-де есіктерін айқара ашты.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың белсенділігі жөніндегі соңғы ақпаратты Астана уақыты бойынша 20:05-те жариялайды.