Сайлау • 20 Қараша, 2022

Абай облысында соғыс ардагері дауыс берді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында кезектен тыс президент сайлауы жалғасуда. Таңертеңнен тұрғындар сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасауда. Денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтар үйде дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында соғыс ардагері дауыс берді

«Сайлауға өз бетімен келе алмайтындар үшін біз сайлау жәшіктері мен бюллетеньдерді үйлерге апарамыз. Аға буын арасында дауыс бергісі келетіндердің көп болғаны бізді қуантады. Бұл жастар үшін жақсы үлгі», дейді №269 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Жанна Төленова.

Бүгін үйден шықпай-ақ өз таңдауын жасағандардың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Асқар Рахымбаев болды.

«Мен сайлауға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Бұл бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасаймыз», дейді ардагер.

Асқар Рахымбаев 1926 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында тракторшы болып жұмыс істеді. 1941 жылы Ақсуат аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылды. Шығыс майданда 378 әскери бөлімінде атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Румыния, Брашев және Мишельді фашистік Германиядан азат ету үшін шайқастарға қатысты.

Жауынгерлік еңбегі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.