30 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауар айналымы күрт күшейеді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-evrazia-17

АСТАНА. 30 мамыр. Еуразиялық экономикалық қауымдастығының құрылуы Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы тауар айналымының күрт күшейе түсуіне үлкен серпін береді. Ресейдің Аймақтар министрі Игорь Слюняевтің сөзіне сілтеме жасаған РИА «Новости» осыны хабарлады. «Ресей, Беларусь және Қазақстан Президенттері бейсенбі күні Астанада 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) құру жөніндегі келісімге қол қойды. Осылайша, 170 миллион адамы бар ТМД кеңістігінде дамудың жаңа қуатты экономикалық орталығына айналатын аса ірі жалпы нарық қалыптастыру аяқталып келеді», - делінген хабарламада. «ЕАЭО-ны құру жөніндегі келісімге қол қоюдың біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз үшін нағыз дәуірлік зор мағынасы бар. Біз жақын болашақта «үштік» одағында халықаралық байланыстар деңгейінде тауар айналымы бірнеше еселеп өседі деп болжап отырмыз», - деп жеткізді Аймақтар министрлігінің баспасөз қызметі Слюняевтің сөзін дәйектеме етіп ала отырып. Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа еуразиялық интеграция экономикалық дамудың, соның ішінде аймақтар, ірі қалалар мен шекара территорияларында тың мүмкіндіктерді ашып береді. Келісімге қол қоюшы елдер «жаңа жинақы еңбек ресурстарына» қол жеткізіп, экономиканың алуан түрлі саласында бірлескен кәсіпорындарды жүзеге асырудың келешегіне қажам басады, деп есептейді министр. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: РИА «Новости». Фото: РИА «Новости». Михаил Климентьев.
Соңғы жаңалықтар