Сайлау • 20 Қараша, 2022

8 миллионнан астам адам сайлауда дауыс берді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 20:00-дегі жағдай бойынша сайлау учаскелеріндегі азаматтардың белсенділігі жайлы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 миллионнан астам адам сайлауда дауыс берді

ОСК мүшесі Мұхтар Ерман облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың комиссиялары ұсынған деректерді атады. Осылайша, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша барлығы 8 млн 282 мың 607 азамат дауыс берді. Бұл тізімдегі барлық азаматтардың 69,31 пайызын құрайды.

Өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткіші төмендегідей:

  1. Абай облысы бойынша – 80,18%
  2. Ақмола облысы бойынша – 78,87%
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,20%
  4. Алматы облысы бойынша – 72,10%
  5. Атырау облысы бойынша –  70,87%
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%
  7. Жамбыл облысы бойынша – 79,57%
  8. Жетісу облысы бойынша – 81,43%
  9. Қарағанды облысы бойынша – 78,39%
  10. Қостанай облысы бойынша –  79,28%
  11. Қызылорда облысы бойынша – 80,31%
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 66,18%
  13. Павлодар облысы бойынша –  77,58%
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%
  15. Түркістан облысы бойынша – 80,37%
  16. Ұлытау облысы бойынша – 75,48%
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49%
  18. Астана қаласы бойынша – 48,67%
  19. Алматы қаласы бойынша – 28,72%
  20. Шымкент қаласы бойынша – 59,79% 

па

Келесі жедел ақпарат 22:05-те жарияланады.