Спорт • 21 Қараша, 2022

Жалғас жеңіліп қалды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC турни­рінде Жалғас Жұмағұлов америкалық Чарльз Джонсонмен жұдырықтасты.

Жалғас жеңіліп қалды

Бұған дейін әлемдегі ең белді промоушенде 34 жастағы қандасымыз бес бәсеке өткізіп, соның төртеуінде ұтылған. Бұл жарыста оған шегінерге жол жоқ еді. Оның қарсыласы да осал емес. 31 жастағы АҚШ спортшысы ММА-ны серік еткелі бері 14 рет октагонға шығып, соның 11-ін өз пайдасына шешті. Бұл жолы Жұмағұлов жеңіске жету үшін барын салды. Сырт көзге оның сәл болса да, басымдығы байқалды. Бірақ төрешілердің шешімі мүлде басқаша болды. Олар Джонсонды жеңімпаз деп жариялады. Осылайша, қазақ спортшысы бұл промоушенде бесінші рет жеңіліс тапты. Бәсеке аяқталған бетте БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Жалғас: «Еңбегімнің бәрі еш кетті. Бәрінен де шаршадым. Енді төбелескім келмейді. Бұл сөзді мен эмоциямен айтып отырған жоқпын. Өзім сондай шешімге келдім. Менің тілеуімді тілеп, жанкүйер болған жұртқа алғысым шексіз. Барлықтырыңызды да құшағыма қыстым», деді.