Спорт • 21 Қараша, 2022

«Амурға» да әлі жетпеді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың «Барысы» құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Хабаровскінің «Амурын» қабылдап, тағы да жеңілістің кермек дәмін татты.

«Амурға» да әлі жетпеді

 

Бірнеше бәсекені сыртта өткізіп, елге оралғаннан кейін жергілікті жанкүйерлер жерлестерімізден жігерлі ойын күтті. Бірақ бұл жолы да үміт ақталмады. 19-минутта Аң­­сар Шайхмедденов астаналықтарды алға шығарды. Сол кезде бір қуанып қал­ған едік. Алайда көп ұзамай қонақтар есепті теңестіріп кетті. Одан кейін ба­сым­дыққа ие болған Қиыр Шығыстан келген жігіттер «Барыстың» ойыншыларына бас кө­тертпеді. 22-минутта Ян Дрозг және 60-минутта Александр Шаров бір-бір гол­дан соғып, «Амурға» жеңіс сыйлады. Есеп – 1:3.

32 кездесуден кейін бар-жоғы 28 ұпай жиған «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 19-орынға орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55