Өнер • 21 Қараша, 2022

Кеше мен бүгін

523 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақ бейнелеу өнерінің жаңашыл өкілдері ұлттық қасиеттің болмысын, ондағы дүниетанымдық дәстүрлі көзқарасты бүгінгі уақыт сұранысымен сабақтастыра отырып, халқымыздың бай мәдениетін әлемдік өнер аренасында креативті шығармалар арқылы танытуға күш салып жүр. «Кез келген шығарма уақыт үнін әділ таразылауымен құнды» деген шеберлер Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде Қазақстан Суретшілер одағының ХІХ съезі қарсаңында салтанатпен ашылған көрмеде бас қосты.

Кеше мен бүгін

Суреттерді түсірген Юрий Беккер

Қылқаламнан қуаныш тап­қан үз­дік шеберлерді бір алаңда жинаған көр­меде суретшілер әр­түрлі жанрда компози­ция­лық кре­ативті ой-тұжы­рым­да­рын мей­­лін­ше айқындап, қазір­гі за­манның өзекті мәселелерін баян­­дау арқы­лы заманауи қа­зақ кә­сіби өне­рін жаңа қыры­нан таны­туды мақсат ет­кен. Қабыр­ға­дағы әрбір туын­ды көркемдік шығармашылықтың бүгінгі дең­гейін көрсете отырып, ав­тор­лық стиль мен тақырыптық, ком­по­зи­ция­лық концептуалды ше­шім­дердің жолын анық­­тауға мүм­­кіндік береді. Бейнелеу мен қол­данбалы өнердің барлық жан­­рын қамтыған экспозиция реа­­листік, абс­трак­циялық, аван­­гард­тық, минима­лиз­мдік, кон­цен­­туал­дық мәнердегі өнер иеле­рі­нің көркемдік идеяларын кеңі­нен танытады.

Қаздай тізілген картиналар­ға көз сал­­саңыз, әр шығарма­ның аста­рынан сурет­шінің ішкі әле­мін көресіз. Ақ пен қараның қай­­­­шылығы, күштінің әлсізге көр­­сет­­кен өктем­дігі, адамзатты ты­ғы­рыққа тіреген со­­­ғыс, жай­қал­ған жасыл дала, қаланың қа­уырт тір­шілігі, әке мен ана бей­несі, ең­бек адам­­дарының маңдай тері, есепсіз дос­­­тық­ты ту еткен адал жандар, бәрі-бәрі осында...

р

Қазақстан Суретшілер ода­ғы­­ның кезекті ХІХ съезі қар­са­­ңындағы есеп беру көр­­ме­сіне сарапшылар коми­­тетінің шешімі бойынша: Астана, Қарағанды, Пав­­лодар, Көк­шетау, Аты­рау, Ақтау, Ақ­төбе, Орал, Өскемен, Тараз, Шым­­кент, Алматы қала­ларынан, Ал­м­аты об­­лы­­­сынан барлығы 120 су­рет­­­ші­нің қол­таң­басы ірік­теліп алын­ған. Көр­ме­дегі 150-ге жуық кес­кіндеме, графика, мү­сін, гобе­лен, керамика, киіз, кес­те өнерінде бе­дер­ленген шығарма­шы­лық туын­дылар көз баурайды. Өнер жанашырлары экспози­цияны түпнұсқамен қатар онлайн форматта да тамашалай алады.

– Көрменің ерекшелігі, Қазақ­станның әрбір өңірінен қатысқан суретшілер өз бел­сенділіктерін танытты. Алдыңғы тол­­қын аға буыннан бастап ізбасар жас сурет­­шілер өмірлік тәжірибесін, ішкі әле­мін, өзін­дік тұлғалық мәнерін, креа­тивті тұжы­рымын, өзгеше өрнектерін ортаға салып, мағыналы да мәнді туын­ды­ларын ұсын­ды. Суретшілердің ұлт­тық тарихты, мәдениетті, салт-дәс­түрді дәріптейтін және бүгінгі таңдағы әлеу­меттік тақырыпта сыр шертетін туын­дылары ой-сананы сан тарапқа жете­лейді. Сондай-ақ экспозициядағы әрбір шығар­маның композициялық және колло­рит­тік шешімдері, ондағы динамикалық үндестік пен өзара тұтастық уақыт пен кеңістік болмысын дәріптейді. Суретші – әлемінің құбылысын астыртын мәлімдей, көрерменге тіршілік пен қоғам шындығын еркін жеткізетін, әрбір қозғалысты сермей сызып, ондағы тылсым дүниенің болмысын өнер тілімен түсіндіретін жыршы, – дейді көрме жетекшісі, өнертанушы Гүлнар Жұбаниязова.

Заман ағымына қарай сурет­­шi ненi болса да жаңа көзқа­­рас­пен беруге ұмтылады. Көрге­ні мен түйгенін, уақыт пен замана келбетін, ішкі ой-түй­сігін көрерменге дер кезінде жет­кіз­гісі келеді. Кенептегі қоршаған орта­ның тепе-теңдік үйлесімі, аңыз бен көне тіршілік тылсымы, адамдардың көңіл күйі сияқ­ты тақырыптық компози­ция­лар шынайылығымен құн­ды. Әсіресе кеше мен бүгінді са­­лыс­­тыра жырлаған жұмыс­тар – адамзат баласы жаңа мүм­кін­діктерді игергенімен ең ізгі құн­ды­лықтардан ажырап бара жат­қанын айтқысы келетіндей…

п

 

АЛМАТЫ