«Сайлау науқаны өз мәресіне жетті, алдын ала қорытындысы шықты, халық өз таңдауын жасады. Ең алдымен, маған сенім білдіріп, дауыс берген сайлаушыларыма шын жүректен алғысымды айтамын!» деді Дайрабаев.
Кандидаттың айтуынша, саяси науқанда ұсынған бағдарламасы осы сайлаумен тоқтап қалмайды. Сайлаулды құжатында көрсетілген бастамаларын бұдан кейін де жалғастыра беретін көрінеді.
«Халықтың жағдайын, әл-ауқатын жақсарту үшін бүкіл күш-жігерімді, маңдай терімді арнаймын.Содан соң, Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын! Ел игілігі үшін еңбек етеді деп кәміл сенемін! Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына ел басқару ісінде табыс тілеймін!» деді ро.
Жигули Молдахалықұлы сайлауалды кампаниясында екі басты мақсатқа қол жеткізгенін мәлімдеді.
«Біріншіден, ауыл және ауыл шаруашылығының қомақты мәселелерін қоғам алдында тағы да көтердік. Екіншіден, «Ауыл» партиясының жұмысын жан-жақты насихаттап, партияның мүмкіндіктері мен электоралдық күш-қуатын халыққа таныта білдік.
Ауыл тұрғындары «Ауыл» партиясына сенеді. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, ауыл мен агро саланың болашағы үшін жұмысымызды жалғастыра береміз! Енді алдағы электоралдық науқандарға дайындаламыз!» деді Жигули Дайрабаев.