АСТАНА. 30 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы тек экономикалық сипатта ғана емес, сонымен қатар Ресей, Беларусь және Қазақстан елдерінің тәуелсіздіктері тұрғысынан алғанда да аса маңызды болып табылады. Ресей Мемлекеттік думасының өнеркәсіп жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гутеневтің сөзіне сілтеме жасаған РИА «Новости» осыны мағлұм етті.
Баршаға белгілі, кеше Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттерінің Президенттері кеше, бейсенбі күні Астанада 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісетін ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) құру жөніндегі келісімге қол қойды.
«ЕАЭО құру жөніндегі келісімге қол қою – тек Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің ғана емес, сондай-ақ Ресейдің жақын шеңберіне кіретін әлемдегі көптеген елдердің тарихындағы көптен күткен орасан зор оқиған. Солтүстік Атлантиканың өзіне тән екі жүзді стандарт ұстанып отырған қазіргі геосаясат жағдайында мұндай тығыз интеграциялы форматты бекітіп алу экономика тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар біздің барлық елдеріміздің тәуелсіздіктері тұрғысынан да аса маңызды қадам болып табылады», - деді журналистерге Гутенев.
Ол ғылымға және өндірісінің күрделілігіне тәуелділігіне байланысты нарық көлемін анықтап алуды да ұсынды.
«Біз өзіміздің автомобиль өнеркәсібімізді жасап алуымызға да болады. Бірақ оның рыногы кем дегенде 60-80 миллион (адам) болуы керек. Өз жеңіл өнеркәсіьімізді жасап алуымызға да болады. Алайда, оның нарығы 30 миллионнан кем болмасын. Ал қуатты кеме жасау және ғарыш кешенін жасау үшін кем дегенде 250-300 миллион адамдық нарығымыз болмаса, сыртқы экспансияға қауқарсыз боламыз», - деді депутат.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мұндай одақты құру оған қатысушы елдерді интеграцияның жаңа биік деңгейіне көтере түсуге жол ашатыны айтылды. Енді жоғарыдағы үш ел өз араларында еркін сауда-саттық, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысына, экономиканың энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы транспорт деп аталатын түйінді салаларында үйлесімді саясатты жүзеге асыруға кепілдік беруге міндеттеме алып отыр. Осылайша 170 миллион адамы бар ТМД кеңістігінде дамудың жаңа қуатты экономикалық орталығына айналатын аса ірі жалпы нарық қалыптастыру аяқталып келеді.
Депутаттың пікірінше, Ресей, Беларусь және Қазақстан елдерінің бірігуі, сондай-ақ келешекте бұл одаққа басқа да мемлекеттердің, - олардың арасында бұрын кеңестік шеңберге кірмегендері де бар - кіру ықтималдылығы алға қойылған бұл міндеттерді керемет орындап шығуға мүмкіндік береді.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: РИА Новости
Фото: РИА Новости. Михаил Климентьев.