Пікір • 21 Қараша, 2022

Елдің тағдырын айқындайды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдау ісіне атсалысуға келдім. Еліміздің келешегі, тағдырына алаңдау­шылық әрбір ұлтжанды азаматтың бойында болатын ізгі қасиет деп білемін.

Елдің тағдырын айқындайды

Мен елімнің ертеңгі күнде дамығанын, тыныштықта өмір сүргенін қалаймын. Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. «Президент – біреу, қалғандарымыз тіреу болайық». Осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен қалмай өз таңдауымызды жасадық деп білемін. Ел алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан да, келешектен де мол жақсылық күтемін.

 

Асылы ОСМАН,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

АЛМАТЫ