Сайлау • 21 Қараша, 2022

Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады

Сыртқы саясат ведомствосы нақтыланғандай, Сан-Францискода соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады.

«Сайлаушылардың келуі 100%-ды құрады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандағы алғашқы сайлау учаскелері таңғы 6:00-ден бастап ашылды.

Exit poll нәтижелері бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда 82,02% дауыс жинаған.