30 Мамыр, 2014

ЕАЭО XXI ғасырдағы ең қуатты экономикалық ойыншы болады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-slutskii-1

Еуразиялық экономикалық одағы XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясат архитектурасының ең қуатты ойыншысына айналады. Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері бойынша комитетінің басшысы Леонид Слуцкийдің бұл жөніндегі пікірін РИА «Новости» жариялады. Ресей, Беларусь және Қазақстан мемлекеттерінің Президенттері кеше, бейсенбі күні Астанада 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кірісетін ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ) құру жөніндегі келісімге қол қойды. «Біз бүгін ешбір әсірелеусіз-ақ Астанада кең ауқымды Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге қол қойылғанын тарихи күн болғанын айтуға тиіспіз. Ресей, Беларусь және Қазақстан ешбір күмәнсіз XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясат архитектурасының ең қуатты ойыншысына айналатын жаңа интеграциялық бірлестік құру жөніндегі жаңа дәуірге қадам басып отыр», - деді Слуцкий журналистерге. Депутаттың пікірінше, ЕАЭО көп жылдар бойы экономикалық рецессияға ұшырап келе жатқан Еуропа мен жылдам даму жолына түскен Азия-Тынық мұхит аумағы арасындағы өздігінше бір көпірдің қызметін атқаратын болады. Слуцкий сонымен бірге Мемлекеттік думада келісімнің өте тез ратификация жасалатынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ алыс келешекте Еуразиялық парлаиентаралық ассамблея, сондай-ақ біртұтас ақпараттық кеңістік құрылып қалуы ықтимал екенін алға тартты. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: РИА «Новости». Фото: РИА Новости. Владимир Федоренко.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20