Ведомство шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарын аяқтағанын нақтылады.
«Шетелде ашылған сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының 11 360 азаматы дауыс берді, бұл дауыс берушілердің 88,47%-ын құрады», делінген СІМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған еді.