Қазақстан теннис федерациясы жазғандай, айтулы додаға АҚШ, Аустралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жастағы Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты.
Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета Немчекті 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Жұптық сында тағы бір қазақстандық Томирис Нұржанмен бірге соңғы бәсекеде Г.Немчек – румыниялық Анастасия Предадан айласын асырды – 6:2, 6:2.
Биылғы жыл Ева Корышева үшін табысты болды. Tennis Europe сериясымен өткен 4 турнирде жеңімпаз атанса, соның үшеуі жекелей сын еді.