Ауа райы • 21 Қараша, 2022

Елдің басым бөлігінде ауа райы нашарлайды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы нашарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде ауа райы нашарлайды

22 қарашада Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының шығысында, батысында, солтүстігінде тұман, орталығында көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктерінде тұман болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкент пен Түркістанда тұман сақталады деп күтілуде.

Түнде Абай облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде төменгі боран күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, қар жауып, тұман түседі. Облыстың шығысында жел соғып, екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.

Сондай-ақ түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болуы ықтимал. 

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады.

Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы Орал қаласында да байқалады.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.