Әлем • 22 Қараша, 2022

Қазіргі Президент жеңіске жетті

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қазіргі көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау­да айтарлықтай дауыспен жеңіске жетті.

Қазіргі Президент жеңіске жетті

Қойнауы мұнайға бай елдің сайлау комиссиясы дүйсенбіде 2019 жылы билікке келген Қ.Тоқаевтың жексенбі күнгі сайлауда 82,45% дауыс жинағанын мәлімдеді.

Қ.Тоқаев 2019 жылы өткен сайлауда 70 па­йыз дауыспен билікке келді. Осы жылдың басында Қазақстанда болған Қаңтар оқиғасынан соң Қ.Тоқаев халқына «Жаңа және Әділетті Қазақстан» құруға уәде берген еді. Ол түрлі реформаларды қамтыған конституциялық референдум жариялап, жеті жылдық президенттік мерзімді енгізді.

Қ.Тоқаев өз елінің Қытаймен ғана емес, Еуропамен де байланысын нығайтты. Биыл Қазақстанға Түркия мен Қытай басшылары, Еуропаның жоғары лауазымды тұлғалары мен Рим Папасы Франциск келді.