Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45% дауыспен жеңіске жетті. Яғни оған 8 миллионға жуық адам дауыс берген.
Негізі Қ.Тоқаевтың демократиялық және экономикалық реформалар туралы халыққа берген уәделері көптеген сайлаушының көңілінен шықты. Қазақстан – әлемнің ең ірі мемлекеттерімен де, Батыспен де, Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерімен де жақсы қарым-қатынас құра білген ел.