Спорт • 22 Қараша, 2022

Нәтиже көңілден шықпады

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландтың Херенвен қаласында коньки тебуден Әлем кубогінің екінші кезеңі ақталды. Бұл жарыста 28 мемлекеттен келген 330-ға тарта спортшы бақ сынады.

Нәтиже көңілден шықпады

 

Қызғалдақтар елінде Қазақстанның тоғыз өрені өнер көрсеткенімен, олардың бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Басты үмітіміз – Екатерина Айдова еді. Олимпия ойындарына төрт рет қатысып, Дүниежүзілік Универсиадада екі қола медаль иеленген тәжірибелі конькишіміз 1 000 метрлік сайыста 12-орында қалып қойды. Оның көрсеткіші – 1:16.08. Бұл қашықтықта нидерландтық Ютта Лердам (1:13.77) алдына жан салмады. Оның командалық әріптесі Изабель Гревельт (+0.15) екінші орын алса, жапониялық Михо Такаги (+0.77) үшінші сатыға табан тіреді. 1 500 метрлік қашықтықта Айдова 14-орынды қанағат тұтса, Надежда Морозова төртінші сатыға тұрақтады. Бұл бәсекеде жергілікті конькиші Антуанетта де Йонг бас жүлдені олжалады.