Аймақтар • 22 Қараша, 2022

Алматы маңында тағы екі рет жер сілкінді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таңертең Алматы қаласының маңында екі рет жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында тағы екі рет жер сілкінді

ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 17 минут аралықта екі жер сілкінісі тіркелді.

Бірінші жер сілкінісі 9:40-та тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.4. MVP магнитудасы - 5.2. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі - 15 км.

Екінші жер сілкінісі 9:57-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 265 км жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 7.9. MPV магнитудасы - 3.7. Жер сілкінісінің тереңдігі - 20 км.