Қаржы • 22 Қараша, 2022

Доллар бағамы төмендеді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 462,75 теңгені құрап, 0,74 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,62 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 64,72 теңгені (-0,08) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 473,93 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 463-466,5 теңгеден, еуроны - 473-478 теңгеден, ресей рублін - 7,23-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 22 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы біршама өсті.

Мәселен Brent сортына арналған қаңтар фьючерстерінің құны 0,46%-ға өсіп, барреліне 87,85 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы қаңтар айында 0,35%-ға, барреліне 80,32 долларға дейін көтерілді.