Әлем • 22 Қараша, 2022

Соломон аралдарында 7 балдық жер сілкінісі тіркелді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Соломон аралдарында қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соломон аралдарында 7 балдық жер сілкінісі тіркелді

Америкалық сейсмологиялық қызметтің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 7 балды құраған. Зілзаланың ошағы Гвадалканал аралындағы Маланго қаласына жақын жерде, 15 шақырым тереңдікте болды.

Метеорологтар бастапқыда цунами қаупі туралы ескерту жасаған. Әзірге қаза болғандар, зардап шеккендер немесе ірі қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Бірақ жергілікті БАҚ ғимараттарға зақым келгенін хабарлады. Көптеген адамдар үрейленіп, жағалаудағы аудандардан биік жерлерге қашып кетті.

Маланго қаласы Соломон аралдарының астанасы Хониарадан 40 шақырымнан аз жерде орналасқан.

Кеше Индонезияның Ява аралында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан 160-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

Соломон аралдары мен Индонезияда жер сілкінісі жиі тіркеледі. Мұнда 540 белсенді жанартаулардың 328-і орналасқан.