Футбол • 22 Қараша, 2022

Аргентина Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы әлем чемпионатының «С» тобындағы Аргентина мен Сауд Арабиясы құрамалары арасындағы кездесуде фаворит команда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аргентина Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды

Аргентина – Сауд Арабиясы матчы 1:2 есебімен аяқталды.

Гол соққандар: Месси 10 (пенальтиден – 1:0), Аль-Шехри 48 (1:1), Аль-Давсари 52 (1:2) 

Ескерту қағазын алғандар: Аль-Мальки 67, Аль-Булайхи 75, Аль-Давсари 79, Абдул Хамид 82, Аль-Абид 88, Аль-Овайс 90+2 

Бас қазы: Винчич (Словения) 

ФИФА баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ойынға 88 012 көрермен келген.

Айта кетейік, соңғы минуттарда Сауд Арабиясының қақпашысы допқа талас кезінде командаласын ауыр жарақаттап алды. Соған байланысты қосымша берілген 8 минутқа тағы да 4-5 минут қосылды.