Спорт • 23 Қараша, 2022

«Салаватты» сан соқтырды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Астанада Өфенің «Салават Юлаев» клубымен өткізді.

«Салаватты» сан соқтырды

 

 

Башқұртстандық команданың жерлес­терімізге қарағанда жағдайы әлдеқайда жақсы. Олар тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде сегізінші орында тұр. Ал «Барыс» – аутсайдерлердің бірі. Десек те «Салават Юлаев» қатарынан төрт кездесуде ұтылды. Сөйтіп, қос команданың жолы «Барыс Аренада» қиысты. Бәсеке басталған бетте Кирилл Савицкий гол соғып, айдын иелерін алға шығарды. Одан кейін ұзақ уақыт бойы таблодағы есеп өзгерген жоқ. Тек 47 минутта көрермендер қақпаға тоғытылған екінші голды көрді. Бұл эпизодта Джереми Бракконың қанжығасы майланды. Арада бір минут өтпей жатып, Иван Дроздов есеп айырмашылығын қысқартты. Бірақ одан әріге қонақтардың әлі жетпеді. 55-минутта Савицкий дубльдің авторы атанса, 60 минутта Линден Вэй бос қақпаға шайбаны дәл түсірді. Есеп – 4:1.

Бүгін жерлестеріміз Қазанның «Ақ Барс» клубын қабылдайды.