Спорт • 23 Қараша, 2022

Айымбетов сұрмергендер санатында

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолдастық кездесу барысында Бірік­кен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) қақ­па­сына гол соққан Абат Айымбетов Қа­зақ­стан ұлттық құрамасы сапын­дағы ТОП-10 сұрмергеннің қатарына енді.

Айымбетов сұрмергендер санатында

 

Сұрмергендер көшін Руслан Балтиев бастап тұр. 1997-2009 жылдар аралығында ұлттық құрама намысын қорғаған жартылай қорғаушы қарсыластар қақпасын 13 мәрте дәл көздеді. Екінші орында – Виктор Зубарев. Ол 1997 жылдан бастап, 2002 жылға дейін Қазақстан құрамасының жейдесін киді. Бойшаң шабуылшы 10 рет нысананы дәл көздеді. Бұл күндері жасыл алаңда жасындай жарқылдап жүрген Бахтиер Зайнутдинов үздік үштікті түйіндеп тұр. Ол – 9 голдың авторы. Сондай-ақ бұл тізімде Дмитрий Бьяков (8 гол), Сергей Хижниченко (8 гол), Нұрбол Жұмасқалиев (7 гол) бар. Ал күні кеше ғана алтыншы мәрте мергендік танытқан Абат Айымбетов осы көрсеткіші жағынан Игорь Авдеев, Олег Литвиненко, Сергей Остапенко және Исламбек Қуатпен теңесті. Олардың барлығы да алты доптан соқты.