Саясат • 23 Қараша, 2022

Комитеттің кеңейтілген отырысы

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Комитеттің кеңейтілген отырысы

Заң жобасы автокөлікті бақы­лауды автоматтандыруға, пойыз­дардың жолдан шығып кетуі немесе соқтығысу оқи­ға­ла­рын, сондай-ақ кемелердің ава­рия­лық жағдайын тер­геу тәр­ті­бін жетілдіруге бағыт­талған.

Құжат сонымен қатар Қа­зақ­стан Республикасының заңна­ма­сын Халықаралық азаматтық авиа­ция ұйымының стандарттары мен Еуропалық одақтың авиа­ция­лық талаптарына сәй­кес келті­руді көздейді. Заң жобасының нормалары сондай-ақ әуе айлағы маңындағы аумақ­та қызмет ат­қаруға рұқсат алу тетігін реттеуді өз­гертуді және күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тартуды көздейді.

Комитет депутаттары кеңей­тілген отырыстың қоры­тындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.