Саясат • 23 Қараша, 2022

Штаб жұмысымен танысты

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рес­пуб­ликалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Аустрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.

Штаб жұмысымен танысты

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов шетелдік өкіл­дерді үгіт-насихат және талдау орта­лық­тарының, кандидаттың қоғамдық қабыл­дау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталы­ғының, бай­қау­шылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

Кездесу қорытындысында Рес­пуб­ликалық қоғамдық штаб мүше­лері шетелдік БАҚ өкіл­деріне брифинг өткізіп, онда сай­лау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Жалпы, үгіт-насихат нау­қаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 мыңнан астам ауылды ара­лады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты.

Сонымен қатар Қасым-Жо­март Тоқаевтың сайлауалды шта­бына халық­аралық бай­қау­шылар да келді. Олардың қа­тарында Ұжым­дық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымы Парла­мент­тік Ассам­блея, Америка Құра­ма Штат­тарының және Ислам Ынты­­мақ­тастығы Ұйымының халық­­ара­лық байқаушылары бар. Штаб мүшелері оларды үгіт-наси­хат және талдау орталық­тары­ның, кандидаттың қоғам­дық қабыл­дау бөлмесінің, медиа-штаб­тың, сенімді өкіл­дер­дің жұмы­сын үйлестіру орталы­ғы­ның, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды. Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары өт­кіз­ген үгіт-насихат іс-шаралары мен кез­де­сулер барысында азаматтардан 40 мың­нан астам ұсыныс пен тілек жиналды.