Аймақтар • 23 Қараша, 2022

Алматыда нөсер жауын тоқтамай тұр

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімдігі қаладағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда нөсер жауын тоқтамай тұр

22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Алматы қаласында қатты жауын-шашын тіркелді. Шымбұлақта қар жамылғысының қалыңдығы 20 сантиметрге дейін жетті.

Қала билігінің мәліметінше, мегаполис бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомпалар мен 104 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

ТЖД желісінде су басу бойынша шағымдар тіркелген жоқ. Сонымен қатар проблемалық учаскелерде, әсіресе Райымбек батыр даңғылынан төмен аудандарда арық желісінің толып кету фактілері болды. Қалада суды бұру бойынша жедел шаралар қабылданды.

Е