Болжам бойынша, 24 қарашада батыста, 24-26 қарашада республиканың солтүстік және шығыс облыстарында, батыста қар жаууы мүмкін. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі.
«Солтүстік суық антициклонның Салехард облыстарынан басып кіруімен кезеңнің соңында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы 20-29 аязға дейін күрт көтеріледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.