Футбол • 23 Қараша, 2022

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» клубынан кетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Манчестер Юнайтед» клубы Криштиану Роналдумен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» клубынан кетті

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду ағылшындық клубтан кетеді. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада тараптар келісім-шартты өзара келісім бойынша бұзғаны айтылған.

Бұған португалдықтың жуырда жанжалға айналған сұхбаты себеп болған. «Манчестер Юнайтед» басшылығы Роналдуды клуб пен оның қызметкерлерін ашық сынап, еңбек шартының талаптарын бұзды деп есептейді.