Әлем • 23 Қараша, 2022

Иерусалимде болған жарылыстан 7 адам жараланды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Иерусалимде жарылыс болып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иерусалимде болған жарылыстан 7 адам жараланды

Израиль полициясының мәліметінше, жарылыс сәрсенбі күні таңертең қалаға кіре берістегі аялдамалардың бірінің жанында болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеуді бастады. Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.

Израильдің қоғамдық хабар тарату корпорациясы (KAN) жарылғыш заттың «қапта» болғанын айтты.