Елорда • 23 Қараша, 2022

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің үш адамды құтқарған тұрғын үйдегі өрттің неден шыққаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

«Қаһарман» тұрғын үй кешенінде (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14) болған өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған», деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден үш адамды аман алып қалған болатын. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілердің өздерін де күйік шалған.

Дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірі үшін үш күн бойы күресті. Өкінішке қарай, өжет азамат аурухана төсегінде көз жұмды.