Қоғам • 23 Қараша, 2022

Опера жұлдызы Хибла Герзмаваның қайырымдылық концерті

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяу күндері тұңғыш рет қазақ топырағына опера жұл­дызы Хибла Герзмаваның табаны тиген-ді. Алматы жаңа театрында өткен бұл концерт мегаполис үшін маңызды мәдени оқиға қатарынан табылады.

Опера жұлдызы Хибла Герзмаваның қайырымдылық концерті

Ерек даусымен елдің ерен қошеметіне бөленген әншіге Лондондағы Ковент-Гарден Корольдік операсы, Нью-Йорк­тегі Метрополитен операсы, Вена мемлекеттік операсы мен Милан Ла Скаласы, Үлкен теат­р мен Мария театрлары да ризашылықпен қол соққан. Небір күрделі операларды нәшіне келтіріп шырқайтын әнші даңқ пен марапаттардан да кенде емес.

Хибла Герзмава Алматыда бас дирижер Арман Оразға­лиев­тің жетекшілігіндегі Astana Ballet оркестрінің сүйе­мелдеуімен театр салтанаты мен поэзияны қоса паш ететін итальян­дық опера жауһарларын орындады.

Дегенмен оның Алматыға келуіне «Сәби» қоры мен та­­нымал зергерлік бренд с­ебеп­ші болғанын айта кету керек. Өйткені осы концерттен түскен барлық қаражат – Аты­рау қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесінің құрылысына салынады.

«Сәби» қоры құрылғалы бері медицина саласының мұқ­таждықтарына болысып келеді. 2018 жылы біздің жоба  –  Балалар шұғыл хирургиясының құры­лысына мұрындық болған еді. Ме­дициналық блоктарды жоғары технологиялық заманауи жабдықтармен толық жаб­дықтау – қымбат уақытты жоғалтпай, өңірде бірегей оталар жүргізуге мүм­кіндік беріп, дер кезінде көрсетілген көмек балалар мүгедектігін ай­тарлықтай азайтуға сеп­те­седі. Қазіргі уақытта «Сә­би» қо­ры Ақтау, Семей, Ал­ма­ты қа­лаларында шұғыл хи­рургия­лық көмек бөлімшелерін ашты. Биылғы ақпан айында BVLGARI зер­герлік-са­ғаттық үйінің қол­дауымен Петропавлда заманауи медициналық блок салды»,  дейді «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тас­мағамбетова.

«Неліктен біз бұл «Сәби» қорының жобасын екі жыл бойы қолдап келеміз? Bvlgari үйі сауапты істермен белсенді айналысатын жоғары әлеуметтік жауапкершілікке ие. 13 жыл ішінде арнайы топтамадағы күміс зергерлік бұйымдарды сатудан түскен қаражаттың ар­қасында 2 миллионнан астам баланың алғысын алдық. Олар­дың көкейкесті келешегін қам­тамасыз ету үшін, білімі мен кәсіби оқуына қаражат жи­надық. Ал Қазақстандағы «Сәби» қоры балалардың ден­сау­лығына қарайласады. Бұл да бізге жа­қын», дейді Bvlgari тобының вице-прези­денті Лелио Гавацца.

 

АЛМАТЫ