Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас өзінің кезекті жекпе-жегін 11 желтоқсанда Алматыда өткізеді. Ол Танзанияның өкілі Лулу Кайагемен күш сынасады.

Бұл жаңалықты Лукас өзінің Инстаграмында жариялады. «Мен өзімнің туған жерім – Қазақстанымда, сүйікті қалам – Алматыда UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласамын. Осы сәтті ұзақ күткен едім. Сол жоспарымды Қазақстанда жүзеге асыруыма тамаша мүмкіндік туып отыр. Сол үшін де мен қуаныштымын. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мен әлі талай биіктерді бағындыра аламын деп ойлаймын. 11 желтоқсанда «Алматы Аренаға» келіңіздер. Сол жерде мен әдемі, сапалы, техникалық тұрғыдан әбден жетілген нағыз қазақ боксын көрсетуге барынша күш саламын», дейді Ангелина.
Қара құрлық өкілінің жасы 32-де. Ол 2016 жылдан бері кәсіпқой рингте бақ сынап жүр. Сол аралықта 19 кездесу өткізіп, сегіз рет жеңіске жетті. Сегіз рет ұтылып, тағы үш бәсекеде тең есеп тіркелді.
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 кестесінде үшінші орынға көтерілді
Футбол • Бүгін, 13:10
Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:05
Жозеп Боррель: Белоруссиядағы ядролық қару Еуропаға қауіп төндіреді
Әлем • Бүгін, 12:52
Сайлау қорытындысы: Мәжіліске өткен бір мандатты депутаттар анықталды
Сайлау • Бүгін, 12:42
Партиялар арасында Мәжіліс депутатының мандаттары қалай бөлінгені белгілі болды
Сайлау • Бүгін, 12:35
«Мен үшін үлкен абырой». Шавкат Рахмонов Президентпен кездесуі туралы
Спорт • Бүгін, 12:28
Ұқсас жаңалықтар