Қазақстан • 24 Қараша, 2022

Жастардың шекті жасы 35-ке дейін ұлғаюы мүмкін

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жастар санаты үшін жас шегін арттыратын заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастардың шекті жасы 35-ке дейін ұлғаюы мүмкін

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, министрлік «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеген. Заң жобасын Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенаттың қарауына енгізді.

«Заң жобасы мемлекеттік органдардың қызмет бағыттары мен құзыреттерімен толықтырылды. Бұл заңның басты жаңалықтарының бірі жастар жасын 35 жасқа дейін ұлғайту болмақ. Осылайша, жастарды мемлекеттік қолдау көлемі екі есеге жуық, яғни 3,7 миллионнан 6 миллион адамға дейін өседі», деп атап өтті министр.

Бұл заң жобасы жастардың даму индексін енгізеді. Сонымен қатар NEET санатындағы жастардың құқықтық мәртебесін қарастырады.