Әлем • 24 Қараша, 2022

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты

244 рет көрсетілді

Түркияның Дюздже қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 93 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты

Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа бұған дейін 68 адамның зардап шеккенін хабарлаған еді. Қазір олардың саны 93 адамға жетті. Олардың 14-і дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Министрдің айтуынша, зардап шеккендердің көпшілігі - Дюздже тұрғындары. Адамдар әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Түркия Үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, аймақта 212 жер асты дүмпулері болды, олардың ең күштісі 4,3 баллды құрады.

Бұған дейін Түркияда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:08-де Рихтер шкаласы бойынша 5,9 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі елдің солтүстік-батысында дәл осы провинцияның Дюздже қаласында болды.

Соңғы жаңалықтар

Ынтымақтастық форумы

Аймақтар • Кеше

Апаттың алдын алу

Аймақтар • Кеше

Өмірінің өзі миф...

Тағзым • Кеше

Жарықшақтар 3

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Бірқазан бағып отыр

Аймақтар • Кеше

Ұлытаудағы «Ұлар»

Аймақтар • Кеше