Саясат • 24 Қараша, 2022

Қазақстан елшісі Швейцария президентіне сенім грамоталарын тапсырды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Конфедерациясының Федералдық президенті, Федералдық сыртқы істер департаментінің басшысы Иньяцио Кассиске сенім грамоталарды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Швейцария президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Өткен рәсім барысында қазақстандық елші И. Кассиске Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының қорытындылары мен елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат берді. Өз кезегінде Швейцария Конфедерациясының басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау сөздерін жолдады.

Сұхбат барысында бірқатар мәселе мен екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті бойынша пікір алмасу өтті. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық тарихында тұрақты саяси диалог құрылып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл саласында елеулі көрсеткіштерге қол жеткізілгені атап өтілді.