Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы арызбен шағымданған. Оның айтуынша, оны белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткен. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.
– Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Елорда • Бүгін, 11:10
58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген
Мектеп • Бүгін, 10:58
СҚО-да тағы бір ауыл арақ-шараптан бас тартты
Қоғам • Бүгін, 10:43
Қылмыстық сот төрелігі бойынша форум өтті
Заң • Бүгін, 10:26
Ақтөбе облысында лауазымды тұлға 1,5 млн теңге көлемінде пара алған
Оқиға • Бүгін, 10:00
Оқиға • Бүгін, 09:55