Білім • 24 Қараша, 2022

Қазақстан Түркі мемлекеттері кеңесінің желілік университетін құруды ұсынды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі кеңесі Түркі университеттері Одағының VI Бас Ассамблеясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Түркі мемлекеттері кеңесінің желілік университетін құруды ұсынды

Жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгриядан келген 50 жоғары оқу орнының ректорлары, ғалымдары мен студенттері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар, сарапшылар, қоғам және мәдени қайраткерлер қатысты.

«ШЫҰ және ТМД желілік университеттерінің мысалында түркі мемлекеттері кеңесінің желілік университетін құратын болсақ, бұл түркі елдерінің азаматтарына түркі мемлекеттерінде білім алуға мүмкіндік береді. Сондықтан мен сіздерді түркі университеттері Одағы аясында осы идеяны қолдауға және жүзеге асыруға шақырамын», деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.