Экономика • 24 Қараша, 2022

Түйіртастың жаңа түрі

217 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі тауарлық өнімнің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыс­тарды ойдағыдай жалғастырып келеді. Бұл қосым­ша табыс табуға және жаңа нарықтарға шығуға жол ашатыны даусыз. Аталған мақсаттарға қол жеткізуде құрамында темірі жоғары түйіртастардың да қосар үлесі бар.

Түйіртастың жаңа түрі

Қазіргі таңда Соколов-Са­рыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде құрамы 63 пайыз­­дық темірден тұратын түйір­тас өндіріледі. Ол темір кені концентратынан алынады. Бұл ретте жеңіл байытылған кен­дерді қолдана отырып өнеркәсіптік сынақтар жүргі­зілген. Нәтижесінде, концент­раттағы темір құрамын 67,5-68,0 пайызға дейін ұлғайтуға және құрамындағы темір үлесі 65 пайыздан асатын BF-шекемтасының тәжірибелік партиясын алуға қол жеткізілді.

«Жоғары деңгейдегі зерттеулер жаңа өнімнің сапасын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Тамыз айында жоғары сапалы домендік шекемтастардың екі партиясы шығарылып, SGA (Германия) зертханасына жіберілді. Оң қорытынды алынды. Халықаралық сертификат өнімнің химиялық құрамы, физика-механикалық және металлургиялық параметрлері бойынша мәлімделген сипаттамаларын растады. Қазір әлемде темір мөлшері 65 пайыз болатын түйіртасқа, яғни окатышқа сұраныс артты», деп хабарлады ERG-дің баспасөз қызметі.

BF-шекемтастар өндірісін игерудің маңызы зор. Бірінші кезекте өнеркәсіптік кешен­де байыту учаскесінің техно­логиялық тізбегін жаңғырту қажет. Бұл концентраттың сапа­сына оң әсер етеді. Кон­центраттағы темірдің үлесін 67,5 пайызға дейін және одан жоғары деңгейге көтеруге жақ­сылап електен өткізу мен магнитті-гравитациялық ажы­ратудың кешенді техноло­гия­сы септеседі. Концен­трат­тағы ылғалдың массалық үле­сінің көрсеткішін төмен­дету әрі тұрақтандыру үшін керамикалық вакуумды сүзгі­лер орнатылады. Бірінші кезеңде жаңғырту нөмірі 11, 13, 14-технологиялық бөліктерінде жүргізіледі.

Қазір Кен дайындау жә­не байыту цехында байыту учаскесінің III кезегінің бө­ліктерінде концентрат өнді­рісінің технологиялық тізбегін жаңғырту жұмыстары басталды. 2023 жылдың I тоқсанында өнеркәсіптік кешенге негізгі технологиялық жабдықтар – керамикалық сүзгілер, маг­ниттік-гра­витациялық айыр­­ғыш­тар, Derrick елегіші жет­кізі­леді. Құрылыс-монтаж­дау жұмыстарымен бірге инвестиция көлемі шамамен 2,8 млрд теңгені құрайды.

«ERG Sales-пен Еуропа­лық металлургиялық кәсіп­орындардың біріне кейін­н­ен жеткізу үшін BF-шекем­тас­­тардың тәжірибелі өнер­­кәсіптік партиясын өнді­ру қажет­тілігі туралы уағдалас­тыққа қол жеткізілді. Құ­рамын­да кемінде 68 пайыз темір бар жоғары сапалы концентрат өндіру үшін қыр­күйек айында Соколов және Қашар карьерлерінің, Соколов шахтасының жеңіл байытылатын кендерінен шихта қалыптастырылған. Қазан айында Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің өнеркәсіптік кешенінде 64,9 мың тонна көлемінде BF-шекемтастардың тәжірибелік партиясы өндірілді. Түйір­тастардағы темірдің құрамы – 66,1 пайыз», делінген ресми хабарламада.