Кеше Семей қаласында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты халықаралық форум басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен бұған дейін Қарағанды, Талдықорған және Шымкент қалаларында өткен форум биыл қасиетті Семей жерінде жалғасын тауып отыр.
Форумға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов және Парламент депутаттары мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген елуге жуық делегат қатысты. Олардың қатарында этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар мен зерттеушілер, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар мен күштеп жер аударылған халықтардың ұрпақтары бар.
Форумның ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушыларға жолдаған хатын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев оқып берді. Елбасы хатында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасының елімізде 1997 жылдан бастап аталып келе жатқаны, оның тарихи маңызы мен мәні, қазақтың маңдайына біткен зиялылардың тоталитаризм құрбандарына айналғаны және 1,5 миллион өзге ұлт өкілдерінің қазақ жеріне күштеп жер аударылғаны туралы айтылған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары:
– 31 мамыр – өткенге оралып, бабалар рухына басымызды иетін күн. Саяси репрессия мен ашаршылық – ел тарихындағы ең азалы беттердің бірі. Алапат аштықтан елімізде 2 миллионға жуық адам қазаға ұшырады. Миллиондаған қандастарымыз жат елдерге босып кетті. Репрессияда Алаш арыстарынан бастап бүкіл мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ағартушылар қуғынға түсті. Елдің бас көтерер азаматтары жаппай оққа байланды. Бұл тек қазаққа келген нәубет емес, одан Кеңес Одағындағы көптеген халықтар зардап шекті. Тұтас ұлттар атақоныстарынан күшпен көшірілді. Зұлмат жылдарда 1,5 миллионнан астам адам қазақ даласына жер аударылды. Тағдыр тауқыметін арқалаған сан түрлі ұлт өкілдері қазақ халқынан пана тапты, – деді.
Шығыс өңірінде 1937 жылдың өзінде ғана 1350 адам репрессияға ұшырап, 300 адам атылған. Сталиндік репрессияға өңірді басқарған С.Свердлов, Ш.Юсупов, К.Бектасов, аудандық партия комитетінің хатшылары А.Төлегенов, И.Курициндер де ілікті. Ал жер аударылғандарға келсек, 1952 жылы Шығыс Қазақстанға – 45 055, Семей өңіріне 52 517 адам депортацияланыпты.
Е.Тоғжанов зобалаңға толы жылдарда қазақ жеріне 60-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері депортацияланғанын, тар кезеңде табысып, кең жерде келісіп өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың ауызбірлігі еліміз үшін өте маңызды екенін жеткізді. Ол өз сөзінде Шығыс өңірінде орналасқан Абай мұражайы мен мемориалдық кешенінің, Шәкәрім орталығының және облыстық кітапханалардың заманауи техникалық мүмкіндіктер арқылы Алаш тарихынан ақпарат таратушы орталыққа айналғанын атап өтті.
Бүгінге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері тарихшылардың І халықаралық конгресінен бастап, АЛЖИР, Қарлаг тарихына қатысты монографиялар, ғылыми жинақтар, оқулықтар мен кітаптар, деректі фильмдер шығарып, тұңғыш Президент мұрағатымен бірлесе отырып, 10 томдық құжаттар жинағын дайындауда.
– Қазақстан сияқты көп этносты мемлекетте тарихи ақиқатты жолға қою – жалпыұлттық келісімге қол жеткізуге және азаматтық топтасуға берік негіз болып отыр. Тарихтың ыстығы мен суығынан бірге өткен халықтың жаны да бір, ділі де бір, – деді Е.Тоғжанов.
Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ахмед Мұрадов өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында қазақ жеріне күштеп жер аударылған Кавказ халықтары арасында чешен-ингуш өкілдері де көп болғанын жеткізді.
– Осынау қиын-қыстау кезде қазақ халқының иығына түскен 1,5 миллион адамның тағдыры туралы ойлансақ, Қазақ елінің қандай ұлы ерлікке барғанын бағамдаймыз. Қазақ жұрты өз отбасы мүшелеріне қалай қараса, оларға да солай қарағаны туралы тарихи құжаттар жетерлік, – деді ол. Мәжіліс депутаты тарихи кезеңнің шындығын өскелең ұрпаққа жеткізудің тағылымы зор екенін айтты.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ш.Әмірбековтің айтуынша, кешегі қиын кезеңде қазақ халқының қолдауын көрген өзге ұлт өкілдерінің пікірі қоғамдық келісім институтын нығайта түсуге қызмет етеді.
– Ресейдің Краснодар қаласында репрессия құрбандарына арналған бір жиында Самара корейлері қауымдастығының жетекшісі Александр Кан корей жұртының қуғын-сүргіннен көп зардап шеккенін, егер қазақ халқының қамқорлығы болмағанда одан да зор шығынға ұшырайтынын айтты. Сондықтан 1930-1940 жылдар аралығында қазақтардың жер аударылған халықтарға көрсеткен материалдық-моральдық көмегі арнайы зерттеуді қажет етеді, – деді ректор.
Ұлт зиялылары мен күрескерлерінің басын қосқан қаланың бір кезде Алаш атанғаны белгілі. Мұнда Алашорда қайраткерлері ресейлік саяси күштермен келіссөз жүргізгені, тұңғыш Алаш әскерін құрғаны тарихымыздан белгілі. Семейде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ж.Ақпаев, М.Тынышпаев, Ә.Ермеков, Ш.Құдайбердіұлы және тағы басқа Алаш қайраткерлерінің саяси қызметінің ізі сайрап жатыр. Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихы құжаттамасы мұрағатының Алаш ардақтылары және күштеп жер аударылған халықтардың тарихына қатысты сирек те құнды құжаттар көрмесі қатысушылардың қызығушылығын оятты.
Аталған форум аясында режиссерлер Д.Виолина мен С.Павловскийдің «Дольше жизни» атты репрессия құрбандары ұрпақтарының тағдырын суреттеген деректі фильмі көрсетілді. Сондай-ақ, еліміздегі ұлтаралық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін Қарағанды қаласындағы ғылыми-сараптама тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалімен, «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубының жетекшісі Тамара Лавриненко Алғыс хатпен марапатталды.
Форум қатысушылары жиын соңында Мемлекет басшысына үндеу жолдады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026