Саясат • 24 Қараша, 2022

Жастардың жауапкершілігі жоғары

227 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Халықаралық байқаушылар жуырда өткен кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге келген жастардың қарасы көп болғанын айтады. Жас буын өз елінің президентін таңдауға үлес қосып қана қоймай сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бел ортасында да жүрді. «Bir tolqynda» диалог алаңына жас­тар саяси науқанның өту барысын талқылап, ондағы жас белсенділердің рөлі туралы айтты.

Жастардың жауапкершілігі жоғары

Диалог алаңының отырысында жастар ұйымдарының көшбасшылары, қоғам қайрат­керлері және Халықтық коали­цияға кірген спортшылар қауым­дас­тығының өкілдері президент сайлауының қорытындысы жө­нінде өз пікірлерін білдірді. Со­нымен қатар сайлауалды штабта БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Олар үгіт-насихат және талдау орталықтары, канди­даттың қоғамдық қабылдау бөлмесі, медиа-штаб, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар штабы мен жастар секторының қыз­метімен жақынырақ танысты.

Жастар, әсіресе Халықтық коа­лиция атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихат нау­қаны кезінде еліміздің 42 қаласы мен 500 ауыл аймақты аралауға белсенді қатысқан. Саяси науқанды өткізуге 30 мың адам арнайы даярлықтан өткен. «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұр­жан Жетпісбаевтың айтуынша, партия жанынан ашылған республикалық қоғамдық штаб­тың қызметі қажетті құрал-жаб­дық­тармен қамтылып, 3 саяси партияның, 22 қоғамдық ұйымның өкілдері кедергісіз жұмыс істеген.

«Біз қала, ауылдарды аралап, Мем­лекет басшысының саяси реформаларын, елді дамытудағы бағыттарын, алға қойған мақсат­тарын түсіндірген кезде жастардың президентімізге сенім артып, қол­дайтындарын көрдік. Бұл қол­дау мен сенім әрбір аймақта сезілді. Штабтың жұмысына келер болсам, күніне жүздеген іс-шара ұйымдастырылып, үгіт-наси­хаттық ақпарат кеңістігі үздік­сіз толығып отырды. Осы аралықта 24 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған екен. Республикалық штабтың үгіт-насихат тобы шалғай ауылдарды назардан тыс қалдырған жоқ. Бұл биылғы сайлаудың ерекшелігі деп айтуымызға болады. Егер бұған дейінгі науқандарда үгіт-насихат облыс орталықтарында ғана өтсе, біз осы ретте ауылдарды ара­ла­дық. Өйткені ауыл – ел бесігі, он­дағы халық қалыс қалмау қажет. Осы­лай­ша, біз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын 3 миллион адамға түсін­дірген екенбіз. Ал науқан басталар­да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағ­дар­ламасын бізге таныстырды», деді «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы.

Ақпараттық жұмысқа тартыл­ған жастармен қоса, волонтерлер үгіт-насихат құралдарын таратуға үлестерін қосқан. «7,5 мыңнан астам белсенді 3 млн-нан астам үгіт-насихат материалын таратты. Олар тек үнпарақ таратып қана қоймай, «Есіктен есікке» акциясына, сайлаушылармен өткен экспромт-кездесулерге, азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдау ісіне атсалысты», деді Нұржан Жетпісбаев.

Ал «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ төрағасы, депутат Вера Ким Президенттің ерік­тілер­ді ерекше қолдайтынын атап өтті.

«Президентіміздің өмір­баянын қара­сақ, халықаралық ұйым­дардағы қызметімен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев волон­терлік қызметті алға шығаруға, оны дамытуға зор үлес қосқа­нын көреміз. Мемлекет басшысы тарапынан еріктілер қашан­да қолдауға ие болып келеді. Сондық­тан волонтерлік ұйым­дар, жас­тар қозғалыстары өз ке­зегінде Президен­тіміздің саясатын қолдайды. 2019 жылы Қазақстан-Ресей форумында мен барлық волонтерлік қозғалыс атынан 2020 жылды еріктілер жылы деп жария­лау туралы ұсыныс айтқан едім.

Өйткені әлемдік пандемия кезінде еріктілер күні-түні өз денсау­лықтарына төнетін қауіп­ке қарамастан халыққа көп кө­мек­тесті. Дәрі-дәрмек, азық-түлік тасыды, өзге де қоғамдық жұ­мыстарға белсене араласты. Осы кезде ел волонтерлерді тани бас­тады, бұл қызметтің мәнісін түсінді. Әрине, олар сол кезде аянбай еңбек еткен дәрігер, полиция қызметкерлерімен бірге мемлекеттік наградаларға ие болды, 2020 жыл ерік­тілер жылы болды. Еңбектері еленді. Бұл ел басшысының ерікті жастарға деген құрметі деп білеміз.

Кандидаттың сайлауалды бағдарлама­сының негізгі мақ­саты – ха­лықтың өмір сапасын жақсарту. Әділеттілік қағидатына сәйкес, мәртебесіне, жынысына немесе жасына қарамастан, қазақ­стандықтар тең мүмкіндіктер мен құқықтарға ие болуға тиіс. Сайлау қорытындысы халық Пре­зидентті қолдайтынын көрсетті. Елі­міздің, сонымен қатар халық­аралық байқаушылардың оң пікірі сайлаудың ашық әрі адал өткенін айқындайды», деді Вера Ким.

Үгіт-насихат жұмыстарына спортшылар да зор үлес қосқан. Қоғам қайраткері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чем­пионы, ҚР Ұлттық Олим­пиада­лық комитеті Бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев «Қа­зақ­стандық спортшылар ода­ғы» республикалық қоғам­дық бір­лестігі ешқандай партия құра­мына енбегенін, бірақ халықтық коалицияны жақтайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.

«Біз Қуатты әрі Әділетті Қазақстан үшін дауыс бердік. Сайлау учаскесіне келген әрбір адам өзінің азаматтық парызын өтеп қана қоймай, ел болашағы үшін таңдау жасады деп ойлаймын. Біз ел игілігіне қызмет етуге барымызды саламыз және барша қатысушыларды осыған шақырамын», деді Серік Сәпиев.

Президенттік жастар кадрлық резер­вінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі алдағы 7 жылда жастар мемлекет құру ісіне елеулі үлес қосады деп отыр. «Amanat» пар­тиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова сайлау­шылардың ұсынысы мен тілегіне назар аударды. «Үгіт-наси­хат науқаны барысында 40 мыңнан астам осындай ұсыныс-тілек келіп түсті. Бұл азаматтардың саяси процестерге деген қызығушылығы артқанын аңғартады», деді ол.

Сайлауалды науқан кезінде ақпарат­тық сүйемелдеуге басты назар ауда­рылған. Әсіресе интернет ресурстар арқылы таратылған ақпараттардың қаралымы өте жоғары болғанын атап өтті штаб мүшелері. Мәселен, Toqaev2022 атауы­мен іске қосылған интернет арналары күніне мыңнан астам қаралым жинаған. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында да кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары тиісті деңгейде жарияланып, көрсетілген.

Халықтық коалицияның үгіт-насихат штабының мүшелері университеттер мен колледждердің сту­денттері, елордалық жастар мәс­лиха­тының депутаттары, Жастар қа­натының белсенділері алдында үгіт-насихат жұмыстары бойынша осын­дай қорытынды жасады.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45