2022 жылдың 20 қарашасы еліміздің жаңа тарихына маңызды, тарихи күн ретінде енетіні сөзсіз. Халық өз болашағы үшін дауыс берді. Қазақстандық сайлаушылар белсенді әрі талапшыл бола бастады. Олар өздерінің сайлау құқықтарын іс жүзінде белсенді түрде жүзеге асыруға дайын.
Сайлаудың ерекшелігі – азаматтардың өз проблемалары туралы мәлімдеп қана қоймай, мемлекетпен толыққанды нәтижелі диалогке түсуге деген сенімі мен дайындығы. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы саяси реформаларды жалғастыру керектігін, әйтпесе тоқырау болатынын айтты. Жыл соңында Президент парламенттік сайлау мерзімдері туралы арнайы мәлімдеме жасайды. Осылайша, елдегі демократиялық реформалардың кезекті жалғасы алдағы парламенттік сайлауға тікелей бай- ланысты.
Конституциялық реформаға сәйкес, Қазақстан азаматтары Президент пен Парламенттен басқа түрлі деңгейдегі әкімдерді, мәслихаттарды сайлауға тиіс. Әлеуметтік сауалдамаларға деген сұраныс кандидаттар тарапынан да, қоғам тарапынан да одан әрі арта түспек. Сайлаушылардың көңіл күйін зерттеу, сайлаушылардың мінез-құлқын болжаудағы дәлдік, сайлау күніндегі сауалдамаларды дамыта түскен дұрыс. Бүгінде әлеуметтанушылардың алдында бірнеше өзекті міндет тұр. Сайлаушылардың таңдауы мен мінез-құлқының жаңа түсіндірме модельдерін, зерттеу әдістерінің өзін, соның ішінде респонденттердің шынайылығын анықтау әдістерін әзірлеу, сондай-ақ әлеуметтанулық зерттеулерге сенімді арттыру қажет.
Зарема ШӘУКЕНОВА,
Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ҰҒА академигі