Пікір • 25 Қараша, 2022

Сайлау сана мен сапаны анықтады

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 20 қараша күні өткен кезектен тыс президент сайлауында байқаушы ретінде әріптестерімізбен 11 сайлау учаскесін араладық. Бұл жолғы бақылау жұмыстары өткен жолғы сайлауда Мәскеудегі қазақстандықтардың сайлау учаскесінде дауыс берген кездегі байқағанымызбен сәйкес келеді.

Сайлау сана мен сапаны анықтады

Дәлірек айтсақ, сайлау­шы­лардың жоғары белсенділігі. Өз кезегінде, қазіргі Президент­ке көрсетілген қолдау – ре­ферен­думда қабылданған ре­фор­маларды қолдаудың заң­ды жалғасы. Ал сайлауға қа­тысу – қазақстандықтардың саналы таңдауы. Қазақстан эволюциялық бағытта дамып келеді.

Бұл саяси жүйенің бір­қалыпты және тұрақты дамуы­н білдіреді. Эволюциялық өзге­рістер тек сайлауға ғана емес, саяси жүйедегі басқа да өзгерістерге әсер етті. Пар­ламенттік жүйе жұмысында плюрализмнің қалыптасып келе жатқанын байқаймыз. Жалпы, Қазақстандағы трансформация ішкі және сыртқы оқиғаларға әсер етіп, бірқалыпты жүріп жатыр. Біз сыртқы бақылаушылар ретінде өзгерістерді бақылауды жалғастырамыз

 

Александра ПЕРМИНОВА,

Ресей ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының ғылыми қызметкері