KASE мәліметіне сәйкес, күндізгі сауда-саттық бойынша доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 465, 38 теңге болды. Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 465, 95 теңге болды.
Ал Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге болып отыр. Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466 теңге.
Сондай-ақ Ресей рублі 7,35- 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 25 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,72 теңге болды.