Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсіміндегі сөзі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл халқымыз үшін айрықша маңызды жыл болды. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Біз түбегейлі бетбұрысқа жол ашқан ауқымды өзгерістер жасадық. Конституциялық реформаны жүзеге асырдық. Мемлекетіміздің ең басты салаларын жан-жақты жаңғырттық. Соның арқасында халықтың болашаққа деген үміті артып, сенімі нығая түсті. Мен аймақтарды аралап, тұрғындармен кездескенде бұған айқын көз жеткіздім», деді Президент.
Сондай-ақ ол елімізде өткен референдум жайында айтып өтті.
«Халықтың дұрыс бағыттағы өзгеріске ұмтылысы жұмысқа зор серпін берді. Біз реформаларды соңына дейін міндетті түрде жеткізуіміз қажет. Конституцияның жаңа талабына сәйкес, бұдан былай Президент жеті жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Осылайша, саясаткерлердің жаңа буыны билік басына келе бастайды. Мен осы шешімнің дұрыс болғанына кәміл сенемін», деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан өнерпаздары «Театр барысын» анықтайды
Спорт • Бүгін, 12:08
Нұрбах Рүстемов қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 11:51
Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады
Әлем • Бүгін, 11:47
Қазақстанның Румыния және Словениядағы елшілері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:45
Елордадағы Бейсекова көшесі ертеңнен бастап жабылады
Қоғам • Бүгін, 11:33
Юта штаты жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойды
Әлем • Бүгін, 11:22
Ұқсас жаңалықтар